Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусь елі саяси астары бар ән үшін "Евровидение" байқауынан шеттетілді

Опубликовано:

Белтелерадиокомпания
"Белтелерадиокомпания" ғимараты. Фото: belta.by

2022 жылы италиялық Турин қаласында өтетін "Евровидение" халықаралық музыкалық байқауына Беларусь тағы да қатыспайтын болды, деп хабарлайды zakon.kz.

DW басылымының хабарлауынша, байқау ұйымдастырушылары 21 қазан күні жариялаған тізімде Беларусь елі болмай шыққан.

"Евровидение" байқауын ұйымдастыратын Еуропа хабар тарату одағына мүше Белтелерадиокомпания мамыр айында одақтан шығарылған. Бұған себеп - "Галасы ЗМеста" тобының әні төңірегінде туындаған дау.

Беларусь "Евровидениеге" "Я научу тебя" деп аталатын әнімен "Галасы ЗМеста" тобын жібермек болған. Бұл әнінде аталған топ Беларусьтегі қарсылық шерулерінің көшбасшылары мен қатысушыларын ашық түрде мазақ еткен.

Еуропа хабар тарату одағы 10 наурыз күні "Белтелерадиокомпанияның" атына хат жолдап, "Евровидение" талаптарына сай болатын жаңа ән ұсынуды талап еткен. "Белтелерадиокомпания" жауап ретінде дәл сол топтың жаңа әнін жіберіпті.

Еуропа хабар тарату одағының мәлімдеуінше, Беларусь елінің жіберген өтініші музыкалық байқаудың саяси емес сипатына шек келтіреді. Сол себепте, бұл ән байқаудың беделіне нұқсан болуы мүмкін.

Танымал халықаралық байқауға барлығы 41 ел қатыспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938379-belarus-eli-sayasi-astary-bar-an-usin-evrovidenie-baiqauynan-settetildi/

pixel