Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не деген сұмдық": Аяғы ауыр Айсәуле Бақытбек ерекше фотосессия жасап, сынға қалды

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Отандық танымал блогер әрі кәсіпкер Айсәуле Бақытбек желіде ерекше фотосессиясын жариялап, қалың көпшіліктің қызу талқысын тудырды. Оқырмандарға аяғы ауыр келіншектің ішін көрсетіп суретке түсуі жақпай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айсәуле Бақытбек аталмыш суреттерін Instagram парақшасында жариялаған. Танымал блогер "Cosmopolitan" журналының мұқабасына шыққан. Ол үшін аяғы ауыр келіншек ерекше фотосессияға түсіпті.

Алайда, ай-күні жақындап қалған бойжеткеннің бұл суреттері халықтың көңілінен шықпай қалды. Олар Айсәуленің қылығын ерсі санап, оны сынға алды.

"Қазіргі жастар ештеңеден ұялмайтын болды. Екіқабат әйел елдің алдында ішін көрсеткені несі?!", "Қазақта ешқашан жүкті әйел ішін көрсетпеген көпшілікке. Не деген сұмдық мынау?!", "Бұл не көрініс? Шошаңдап", "Аман-есен босануыңа тілектеспін. Бірақ, мына фотоң ұнамады", "Сөз жоқ жұлдыздарға", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938384-ne-degen-sumdyq-ayagy-auyr-aisaule-baqytbek-erekse-fotosessiya-zasap-synga-qaldy/

pixel