Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30-дан кейін ие бола алмай қаласыңдар": Дариға Бадықова жас қыздарға кеңесін айтты

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Фото: Instagram/dariga_badykova

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова қыздар қауымына үндеу жасап, бет күтіміне қатысты өз ақыл-кеңесін айтты. Өнер иесінің сөзінше, оны уақытылы бастаған аса маңызды. Себебі, 30 жастан кейін тым кеш болып кетеді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дариға Бадықова өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, жас аруларға өз кеңесін айтты. Киножұлдыз Instagram парақшасында бет күтіміне қатысты жазба жариялап, әжімдердің алдын алудың қажеттілігін еске салды.

"30-дан кейін тым кеш болып кетеді. Беттің күтімін айтам, қыздар. Боянбасаң боянба, бірақ бетіңе күтім жасауды ұмытпау керек. Әйтпесе әжім деген ескертпей келеді. 30-дан кейін ие бола алмай қаласыңдар әжімдеріңе, Қазақстанның картасы болады. Сондықтан бетке немқұрайлы қарамай, маскаларымызды жасап, кремдерімізді жағып, өзімізге қарап жүрейік", - деп қыздарды сұлу болып жүруге шақырды ол.

Желі қолданушылары актрисаның айтқанымен келісіп, оған қолдау білдірді.

"Дұрыс айтасыз. Бір мезетте-ақ қартайып кетеміз", "Өте дұрыс айтылған. Ащы болса да шындық", "Қыздар шынымен, уақытылы күтінбесек, кейін кеш болады", "Дариға ханым, дұрыс айтасыз, келісемін", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938396-30-dan-keiin-ie-bola-almai-qalasyndar-dariga-badyqova-zas-qyzdarga-kenesin-aitty/

pixel