Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал актер түсірілім кезінде оператор әйелді атып өлтіріп, режиссерді жаралады

Опубликовано:

Алек Болдуин
Алек Болдуин. Фото: instagram/alecbaldwini

Танымал актер Алек Болдуин түсірілім алаңында байқаусызда операторды тапаншамен атып жіберіп, жарақат алған әйел қайтыс болған, деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға "Ржавчина" вестернінің түсірілімі кезінде орын алған.

Басылымның хабарлауынша, тапанша бос патрондармен оқталуы керек болған. Бірақ, қару оқ-дәрімен оқталған болып шықты.

Тапаншадан оқ ату кезінде фильм режиссері бұғанасынан жараланған. Ал оператор қызметін атқаратын 42 жастағы Халина Хатчинс ауыр жарақат алып, Альбукерке ауруханасына әуе арқылы жеткізілген. Дәрігерлер оны аман алып қала алмапты.

Полицияның мәліметінше, Болдуинға әзірге ешқандай айып тағылмаған.

Неліктен қару оқ-дәрімен оқталғаны, сонымен бірге актер неліктен оператор мен режиссерге оқ атқаны әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938421-tanymal-akter-tusirilim-kezinde-operator-aieldi-atyp-oltirdi/

pixel