Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Байзақова мен Қуат Хамитов отандық фильмде басты рөлді сомдады

Опубликовано:

Қуат Хамитов пен Айжан Байзақова
Видеодан кадр: Instagram/bayzakova

Желіде ашық суреттерімен танылған Айжан Байзақова қазақстандық фильмге түсті. Атышулы блогермен бірге кинокартинадағы басты рөлді ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов сомдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айжан Байзақова өзі түскен фильм жайлы Instagram парақшасында айтып берді. Ол кинодағы жұбы Қуат Хамитов болатынын естігенде, қатты таңғалғанын жасырмады. Оның сөзінше, бұған дейін блогер арудың спортшымен арақатынасы дұрыс болмаған. Олардың арасында түсініспеушілік болған.

"Кеше біз түскен киноның тұсаукесері өтті. Кинодағы серігім Қуат болады дегенде, шыны керек, есеңгіреп қалдым. Себебі оған дейін арамызда түсініспеушілік болған. Бірақ біз бірге жұмыс істей алдық және бұл таңғалдырарлық жағдай. Мінезі екі түрлі адамдардың бір киноға қалай түскенін міндетті түрде көрулеріңіз керек", – деді Байзақова.

Белгілі болғандай, фильмнің режиссері – Олжас Ибраев, продюсері – Тимур Бақтыбаев. 

Айта кетейік, бұған дейін желіде Айжан Байзақованың мейрамханада шу көтерген видеосы тарап кеткен болатын. Видеодан желі жұлдызы Қуат Хамитовке ұқсайтын жігіттің бетіне су шашып жібергені көруге болады.

Желідегілер бұл бейнежазбаның кино түсірілімінен үзінді деп болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938431-atysuly-baizaqova-men-quat-xamitov-otandyq-filmde-basty-roldi-somdady/

pixel