Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат қайда қарап жүр?": Жұлдыз Әбдікәрімова ерлер қауымын естен тандырды (видео)

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Видеодан кадр: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа образын паш етіп, барша халықтың назарын өзіне аударды. Оқырмандар Қайрат Нұртастың келіншегіне тәнті болып, оған жарыса пікір білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова өнердегі әріптесі Жәния Джуринскаяның үйлену тойы үшін арнайы Алматыға келген. Алайда, оның қасында Қайрат Нұртас болмаған.

Актриса мерекелік шараға таңдаған образын Instagram парақшасында көрсетті. Ол парақшасында видео жариялап, елді өзіне қаратты. Бейнежазбада өнер иесінің қара түсті жылтыр көйлекпен жүріп келе жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың әйелін танымай қалып, оның сұлулығына тәнті болған. Көпшілік Әбдікәрімоваға жылы лебізін білдіріп, оның соңғы кезде қатты өзгеріп жүргенін жазды.

"Қуыршақсыз", "Қайрат қайда қарап жүр?", "Төрт баланың анасы бола тұра, осындай әдемі болу заңдылық па?", "Көпбалалы ана деп кім айтады? Жұлдыз кереметсіз", "Мінсіз мүсінді ару", "Соңғы кезде стиліңіз де, өзіңіз де өзгеріп жүрген секілдісіз", "Жұлдыз не кисе де, жараса кетеді", "Мен сізді танымай қалдым. Құдды супермодель секілдісіз", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938478-qairat-qaida-qarap-zur-zuldyz-abdikarimova-erler-qauymyn-esten-tandyrdy-video/

pixel