Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты ұялғанмын": Жазира Байырбекова өз әрекеті үшін ыңғайсыз жағдайға тап болғанын жасырмады

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова қатты ұялған сәттерін есіне алып, өз оқырмандарымен бөлісті. Өнер иесі кезекті сұхбаты барысында үй ішіндегі бірқатар құпияларды ақтарып тастағаны үшін өкінетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жазира Байырбекова өмірінде орын алған ыңғайсыз жағдай туралы Instagram парақшасында баяндап берді. Эстрада жұлдызы журналиспен әсерлі әңгіме барысында сезімге ерік беріп, көпшілік білмейтін жайттарды айтып қойған. Әнші осы қылығы үшін қатты ұялатынын жасырмады.

"Айқыздай дос менде болған емес. Қазіргі жан достарым сіздерсіздер, тыңдармандарым. Осы сұхбатымнан (жылай бергенім үшін, үй ішіндегі құпиялардың 50%-ын айтып қойғаным үшін) қатты ұялғанмын. Бірақ, әлі де көп отбасының сақталып қалуына осы сұхбат себеп болып жүргенін естіп, халықтың алдында бекер жүрмегенімді сездім. Жылауық Жазира", - деп жазды Байырбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938701-qatty-uyalganmyn-zazira-baiyrbekova-qandai-yngaisyz-zagdaiga-tap-bolgan/

pixel