Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құттықтап қойсаңыздар болады": Мөлдір Әуелбекова дизайнерлікке бет бұрды

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова жеке кәсіпкерлікке бет бұрды. Өнер иесі заманауи киімдер ұсынатын жаңа бренд ашты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әуелбекова бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында оқырмандарына бөлісті. Шоу-бизнес жұлдызы халыққа барынша жинақы әрі заманауи киімдер ұсынатынын алға тартты.

Оған қоса, әнші жеке брендінің атын қалай қойғанын айтып берді.

"Достар, құттықтап қойсаңыздар болады. Аллаға шүкір жеке бизнес бастадым! Жинақы, заманауи киімдер "Мөлдір бейне" топтамасын ұсынамын! Атын таңдағанда әдейі тек қазақша сөздер болғанын қаладым! Бұл нағыз отандық өнім! Менің туындым - сенің мөлдір бейнең", - деп жазды әртіс.

Желі қолданушылары өнер иесін жаңа бастамасымен жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін білдірді. Кейбір оқырмандар Әуелбекованың әншілік мансабы үшін алаңдап қалды. Олар эстрада жұлдызы енді шығармашылықпен айналыспай ма деп болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938900-quttyqtap-qoisanyzdar-bolady-moldir-auelbekova-dizainerlikke-bet-burdy/

pixel