Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұстама мені": Ғазизхан Шекербековтің жаңа фотосы желіні жарды

Опубликовано:

Ғазизхан Шекербеков бейтаныс арумен
Фото: Instagram/gazizkhan

Отандық танымал әнші Ғазизхан Шекербеков желіде жаңа суретін бөлісіп, елді күлкіге қарық қылды. Өнер иесі өзінің әзілге жақын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғазизхан Шекербеков желіні жарған фотосын Instagram парақшасында жариялап қойған. Суретте әншіні бейтаныс ару ұстап тұрғанын көруге болады. Әзілқой әртіс фотоның астына ерекше жазба қалдырып, оқырмандарын күлдірткен.

"Ұстама мені, Алматыда мені ешкім ұстамаған, мен өзім ұстағам", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының жазбасынан кейін күлкіге қарық болғанын жасырмады. Олар Шекербековтің өнерде де, әзілде де үздік екенін жарыса жазды.

"Әзілдеріңмен жылатасың ғой", "Мына қалжың көзден жас шығарды", "Ұстама деп ұстатып тұрсың ғой", "Сондай қалжыңпаз әнші. Маған ұнайды. Әркез көңілді жүреді", "Ғазизхан әзілдерің топ. Әрдайым осылай халықты әндеріңмен қуантып, әзілдеріңмен күлдіртіп жүре бер", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938907-ustama-meni-gazizxan-sekerbekovtyn-zana-fotosy-zelini-zardy/

pixel