Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сәтжан екінші рет тұрмысқа шығуға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Динара Сәтжан
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан екінші рет тұрмысқа шығуға қатысты өз ойын айтты. Ақпарат өкілі болашақта тағы да шаңырақ көтеруге ниетті екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан Instagram парақшасында сауалнама ашып, жанкүйерлерін қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Белгілі журналист өзінің ажырасқанын растап, болашақта тағы да тұрмыс құрғысы келетінін айтты.

Динара Сәтжанның Stories-і
Скриншот: Instagram/dinarasatzhan

Оған қоса, тележүргізуші пластикалық отаға жүгінгенін мойындады. Алайда, ол нақты қай жеріне қандай операция жасатқанын ашып айтпады.

Динара Сәтжанның Stories-і
Скриншот: Instagram/dinarasatzhan

Динара Сәтжан жас кезінде қол жеткізе алмаған арманы жайлы да сөз қозғады.

"25 жастағы Динараға ештеңені ойламай, Мәскеуді барып бағындыр деп айтар едім. Ал сіздерге армандарыңыз қай жерде болса, сонда барыңыз деген кеңес беремін", - деді Сәтжан.
Динара Сәтжанның Stories-і
Скриншот: Instagram/dinarasatzhan

Сонымен қатар, ақпарат өкілі өзінің мінсіз мүсінінің құпиясын да бөлісті.

"Мен өте аз тамақ жеймін. Бірақ, көп қозғалыста боламын. Сіздер қанша энергия жұмсасаңыздар, сонша тамақ ішулеріңіз керек", - деді ол.
Динара Сәтжанның Stories-і
Скриншот: Instagram/dinarasatzhan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938950-dinara-satzan-ekinsi-ret-turmysqa-syguga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel