Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді мен үшін бәрі басқаша": Күйзеліске түскенін айтқан Индира Расылхан елді алаңдатты

Опубликовано:

Индира Расылхан
Фото: Instagram/indirarasylkhan

Отандық танымал әнші Индира Расылхан желіде күйзеліске түскенін жазып, оқырмандарын алаңдатып қойды. Өнер иесі бес күндік үнсіздікке шыдай алмағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Индира Расылхан өз күйзелісі жайлы Instagram парақшасында баяндады. Эстрада жұлдызы бес күн ішінде өзі үшін көп нәрсеге қатысты шешім шығарғанын айтты.

Сонымен қатар, әнші күйзелісте жүрген жандарға одан шығудың жолдарын ұсынып, кеңесін бөлісті.

"Қош келдің, жаңа Индира. 5 күндік үнсіздікке шыдай алмадым. Бірақ, өзім үшін көп нәрсені шешіп алдым. Көп нәрсені ретке келтіріп алдым. Бір шешім күттім, күткенім ойдағыдай болып шықпады. Енді мен үшін бәрі де басқаша. Алла әрқашан барлық нәрсенің қайырын берген, береді де.
Кеңес: депрессияны мойындаңыздар. Оған түсіп көріңіздер. Ойлануға уақыт беріңіздер. Депрессияда көп жаман нәрсе ойламай, тек Аллаға ғана тапсырып, кино көрсеңіздер болады. Алла өзі бәрін шешіп береді. Жүрекке салады. Шынымен көмектеседі. Сенімді болыңыз", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Индира Расылхан үшін алаңдап, оған өз қолдауын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938974-unsizdikke-sydai-almadym-indira-rasylxannyn-kuizeliske-tuskeni-ras-pa/

pixel