Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Метеорит": Мінсіз мүсінді Жанар Дұғалова елді өзіне қаратты (фото)

Опубликовано:

Жанар Дұғалова
Фото: Instagram/zhanar_dugalova

Отандық танымал әнші Жанар Дұғалова желіде жаңа суреттерін жариялап, елдің ыстық ықыласына бөленді. Оқырмандар өнер иесінің ерекше образына тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанар Дұғалова аталмыш фотосымен Instagram парақшасында бөліскен. Суретте эстрада жұлдызының қызыл түсті көйлекпен тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары әншінің образына қатысты жылы лебіздерін білдірген. Көпшілік Дұғалованың көркінен көз алу қиын екенін баса айтқан.

"Сөз жоқ, әдемісің", "Метеорит", "Көйлегіңіз неткен әдемі", "Көзімді алмай отырмын. Жанар, өте көріктісіз", "Қазақстандық эстрададағы ең сұлу қыз", "Ең ақылды, ең әдемі", "Сұлусың", "Өнеріңе де, өзіңе де ғашықпын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939087-meteorit-minsiz-musindi-zanar-dugalova-eldi-ozine-qaratty-foto/

pixel