RU

"Таңдау өзімізде": Ләйлә Сұлтанқызы вирустың бар екеніне сенбейтіндерге үндеу жасады

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жаңа жазба жариялап, коронавирустың бар екеніне күмәнмен қарайтын жандарға үндеу жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы вирусқа сенбейтін адамдарға арналған азулы жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. Ақпарат өкілі онда өз пікірін білдіріп, індеттің қаупін түсіндіруге тырысқан.

Оған қоса, ол қалың көпшілікті сақтық шараларын қолданып, вакцинация жасауға шақырды.

"Небір қызық адамдар бар. Біздің елдегі вирустың бар екеніне әлі күнге дейін сенбейтіндерге таң қалам. Тіпті кейбір елдердің басшылары да бұған әлі күнге дейін күмәнмен қарайды екен.
Бүгін вирусты мойындамайтын Бразилия басшысының тікелей эфирін Facebook пен Instagram көрсетпей қойса, ауруханада тұрған Лукашенкоға қинағандай болып, дәрігерлер маска таққызған. Өкініштісі, көрші Ресейдегі жағдай басқаларға сабақ болмай жатыр.
Күніне 1000-нан аса адам көз жұмуда. Бізде де бүгін Цой мырза болжамын айтты. Қарап тұрсаңыз, таңдау өзіміздің қолымызда. Баламыз сабаққа, өзіміз жұмысқа емін-еркін барып, жалақы алғымыз келсе, оптимистік сценарийді таңдайық. Арақашықтықты сақтап, маска киіп, вакцина (ревакцинация) салдырайық" , - деп жазды Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939096-tandau-ozimizde-laila-sultanqyzy-virustyn-bar-ekenine-senbeitinderge-undeu-zasady/