RU

Балағаттап қайрап жатады: Асхат Садырбай коуч-тренелердің көбейгеніне шүйлікті

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/askhat_sadyrbay

Қазақстандық танымал журналист Асхат Садырбай желіде мотивация берумен айналысатын тренерлердің көбейіп кеткеніне шүйлікті. Ақпарат өкілі олардың әдіс-тәсілдеріне наразылығын білдіріп, мотивацияны қайдан алуға болатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Ол заманауи коуч-тренерлердің мотивация берерде қолданатын тәсілдеріне таңғалып, оларға қатысты ойын ашық айтты. Журналистің сөзінше, аталмыш мамандардың кейбірі оқушыларын балағаттап қайрап жатады.

"Неге бәрі мотивацияға мұқтаж? Кейінгі кездері мотивациясырап жүргендерді көп байқап жүрмін. Бір белеске шығу үшін, бір биікті бағындыру үшін міндетті түрде сені біреу қайрауы керек пе? Іздегенге сұраған демекші қазір мотиватор, коуч, тренерлер қаптап кетті. Кейбіреулері оқушыларын тіпті балағаттап тұрып қайрап жатады. Алға қарай жылжимын десең айналаңның бәрі мотивация емес пе
Терезеден қарашы, таң атпай құстар балапандарына азық іздеп ұшып кетіп жатыр. Көшеге шықшы, 80 мың теңге айлыққа қарт кісі көше сыпырып, күнкөрістің қамымен жүр. Айта берсең мысал көп. Көкірек көзі ашық, санасы ояу адамға осының бәрі мотивация емес пе? Жігерлену үшін біреуге 500 мың, біреуге 700 мың теңге төлеудің қажеті жоқ! Бос әурешілік пен ысырапшылық. Адамдарды ақымақ қып ақша тауып жүрген анада ұят жоқ, соларға сеніп, тапқанын түгел беріп жүрген мынада ми жоқ", - деп жазды Асхат Садырбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939220-balagattap-qairap-zatady-asxat-sadyrbai-kouc-trenelerdin-kobeigenine-suilikti/