Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйел адам қабақпен-ақ түсінеді": Гүлнұр Оразымбетова бойындағы ерекшелігі туралы айтты

Опубликовано:

Гүлнұр Оразымбетова
Гүлнұр Оразымбетова. Фото: instagram.com/gulnurorazymbetova/

Отандық эстрада жұлдызы бойындағы ерекше қасиеті туралы айтты. Айтуынша, ол аз сөйлеп, көбірек тыңдауға бейім. Десе де, әнші кейде оның бұл мінезі отағасына жақпай қалатынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлнұр Оразымбетованың айтуынша, ол көп сөйлемейтін жандардың қатарында. Әнші осы қасиетінің тіпті жолдасына да жақпай қалатын кездер болатынын айтады. Дегенмен, өнер иесі әйел адамның көп сөйлемегені де жөн екенін алға тартады.

"Кейде жолдасым "әңгіме айтпайсың, сөйлемейсің, қалай ішің пыспайды?" деп ренжиді. О бастан аз сөйлеп, көбірек тыңдауға тәрбиелеген өзі ғой.

Әйел адам қабақпен ақ түсінеді ғой бәрін. От басы, ошақ қасы аман болсын, ең бастысы", - деді ол.

Әншінің жазбасын пікір қалдырған оқырмандары оның мақтауын асырды.

"Сәлеметсіз бе! Иә, сіз салмақты, әдепті, жақсы жүргізесіз "Таңшолпанды", "20 жастағы қыздай", "Ерекше көріктісіз", "Жақсы өмірден әйел қартаймайды. Бәрі жетерлік, еш нәрсеге уайымдамайды", "Қандай сұлусыз", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939420-aiel-adam-qabaqpen-aq-tusinedi-gulnur-orazymbetova-kuieui-ozine-nege-renzitinin-aitty/

pixel