Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иманбек Grammy сыйлығының мүсіншесін 7 айдан соң алды (фото)

Опубликовано:

Иманбек Зейкенов
Фото: Instagram/imanbekmusic

Қазақстандық танымал диджей Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығының мүсіншесін алды. Ол Лос-Анджелес қаласынан жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иманбек көптен күткен мүсіншені қабылдап жатқан сәтімен өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Ол салтанатты марапаттау кезіндегі видео мен суреттерді жариялап қойған.

Ақсулық жігітке Grammy жеті айдан соң табысталған.

Айта кетейік, осы жылдың наурызында Иманбек Зейкеновтің америкалық рэпер SAINt JHN-нің "Roses" композициясына жазған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алғанын болатын. Оның ремиксі YouTube-те 145 миллион рет қаралып, "Billbord Hot 100" рейтингісінің үздік бестігі қатарына енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939558-imanbek-grammy-syilygynyn-musinsesin-7-aidan-son-aldy-foto/

pixel