Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тумаймын деп айқайладым": Гүлнәр Сілбаева ұлын өмірге қалай әкелгенін айтты

Опубликовано:

Гүлнәр Сілбаева жолдасымен
Фото: Instagram/naarah_s

Қазақстандық танымал актриса әрі КВН жұлдызы Гүлнәр Сілбаева жақында ғана алғаш рет ана атанды. Тұңғышын өмірге алып келу әртіс үшін аса қиынға соққан. Ұлды болған өнер иесі босану сәтіндегі қиындықтарын мен қызықтарын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ана бақытын сезінген актриса ұлын өмірге қалай әкелгенін айтты. Оның ссзінше, босану үрдісі аса ауыр өткен.

“Мен перзентханада 4 күн жаттым. Төртінші күні дәрігерлер маған жеңіл босану үшін түрлі беріп жатты. Мен оларға бекерге әуре болып жатырсыңдар, мен бәрібір тумаймын дедім. Бір сәтте қашып кеткім келді. Маған физикалық тұрғыдада, психологиялық тұрғыда да қиын болды”, – деп жазды актриса Instаgram парақшасында.

КВН жұлдызын аяқ астынан отаға алып, босануға дайындаған. 

"Мен жолдасыма хабарласып едім, ол тұтқаны көтермеді. Мен хабарлама жазып үлгердім. “Қымбаттым, мені кесарь тілігін жасауға алып кетті. Баламыз өмірге келе жатыр” деп жаздым. Осыдан соң 20 минуттан кейін медбикелер ұлымның өмірге келгенін айтты”, – деді Сілбаева. 

Актриса ұлын екі ай бұрын дұниеге әкелді. Қуаныштарында шек жоқ ерлі-зайыпты бұл жаңалығымен бірден қалың көпшілікпен бөлісіп, елден сүйінші сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939608-tumaimyn-dep-aiqailadym-gulnar-silbaeva-ulyn-omirge-qalai-akelgenin-aitty/

pixel