Димаш Құдайберген Billboard чартының үздік жиырмалығына кірді (видео)
Опубликовано:

Димаш Құдайберген Billboard "Hot Trending Songs" ТОП-20 чартына енді. Бұл туралы қазақстандық әншінің әкесі Қанат Айтбаев өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
7 күннің қорытындысы бойынша музыкалық хит-шеруді Butter атты композициямен корейлік BTS тобы бастап тұр. Димаш Құдайберген Fly away әнімен чарттың 19-сатысында орналасқан.
"Әлемнің DEARS-ы шексіз махаббатарыңызға, қолдауларыңызға, ерінбей берген дауыстарыңызға көп рақмет", - деде Қанат Айтбаев.
Жанкүйерлер өздерінің сүйікті әншісін құттықтап, оның бұдан да жоғары жетістіктерге жететінін тілге тиек етті
"Димаш әрқашан бірінші. Солай болуы керек", "Димаш - ең үздік әнші. "Ол жоғарғы орындарға лайықты", "Бұдан биіктерді бағындырады деп сенеміз", "Димашты әрдайым қолдаймыз", "Димаш бұндай дауысымен әлемдік чарттарда жүруі керек", - деді олар.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген Fly away әнін Сочиде өткен "Жаңа толқын 2021" фестивалінде орындады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939723-dimas-qudaibergen-billboard-cartynyn-uzdik-ziyrmalygyna-kirdi/