Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кінәлі біз емес": Мәдина Сәдуақасова тыңдармандарын су жаңа әнімен қуантты

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Мәдина Сәдуақасова шығармашылығын мықтап қолға алып жатыр. Өнер иесі бірнеше әнді бірінен соң бірін шығарып, ерекше стильдегі фотосессияларға түсуде. Әнші күні кеше тағы бір су жаңа әнін тыңдармандарға ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мадина Сәдуақасова жаңа әнінің шыққанын Instagram парақшасында жария етті. Оның кезекті туындысы "Кінәлі біз емес" деп аталады.

Шоу-бизнес жұлдызы бұл өлеңді жарыққа шығаруға қатты асыққанын жасырмады. Ол әнді бір тыңдағаннан қатты ұнатып қалғанын айтады.

"Бұл әнді бір тыңдағаннан қатты орындағым келді, асықтым қатты, тезірек өңделсе екен, тезірек жарыққа шықса екен, дедім. Енді міне, сіздердің құлақтарыңызға, жүректеріңізге жетсе екен деп тағы асығып жатырмын. "Кінәлі біз емес". Жаңа ән! Қабыл алыңыздар", - деп жазды Сәдуақасова.

Әншінің жанкүйерлері оны құттықтап, өз қолдауын білдіріп жатыр. Ал жаңа туындысын тыңдап үлгерген жандар оған қатысты пікірлерімен бөлісуде. Олардың басым көпшілігі өлең көңілдерінен шыққанын жазды.

"Керемет ән", "Маған ұнады", "Мәдина жарайсыз, сондай еңбекқорсыз. Әндеріңізді шығара беріңіз", "Мәдина шығармашылығын жақсылап қолына алған секілді. Көп ән шығарып жатыр. Бізге ұнап жатыр", "Үнемі жаңа әндер іздеп жүресің, еңбегің бағалануда. Халқың әрдайым сенің әндеріңді тыңдайды", - деп жазды халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939906-kinali-biz-emes-madina-saduaqasova-tyndarmandaryn-su-zana-animen-quantty/

pixel