Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақи образдағы Ләйлә Сұлтанқызы елдің ыстық ықыласына ие болды (фото)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргіузші Ләйлә Сұлтанқызы желіде ұлттық нақыштағы киіммен түскен суреттерін жариялап, халықты тәнті етті. Қалың көпшілік ақпарат өкіліне риза болып, оған өзінің жылы лебіздерін білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы қазақи образдағы фотосессиясымен Instagram парақшасында бөліскен. Онда тележүргішунің ақ түсті арғымақпен бірге тұрғанын көруге болады.

"Дипломды қорғауға дайындалып, әдемі суреттермен бөлісуді ұмыттып кеттім. Қараңыздаршы, ең әдемі киім біздің ұлттық киімдер, ия. Этно стиліндегі мына киімдерді өзімнің әріптестерім дәріптеп, көрсетіп, жарнамалап жүр", - деп жазды ақпарат өкілі.

Ләйлә Сұлтанқызының ұлттық нақыштағы кейпі көпшілік көңілінен шығып, ел ықыласына бөленді. Желі қолданушылары ұлттық киімді насихаттаған журналиске разы болып, оған өз құрметін көрсетті.

"Әрине Ләйлә ханым , қазақтың ұлттық киіміне не жетсін шіркін", "Әдемісіз", "Қазақи образ сондай жарасады екен", "Ұлттық киім сізге сай тігілген екен. Қатты жарасып тұр", "Керемет фотосессия", "Ашық түсірілімдер жасайтындар сізден үлгі алсын. Осындай фотосессия жасау керек", "Жүрегі қазақ деп соғып тұратын ару", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940046-qazaqi-obrazdagy-laila-sultanqyzy-eldin-ystyq-yqylasyna-ie-boldy-foto/

pixel