Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кеудесі бұрыннан ашық екен": Жас кезіндегі фотосын бөліскен Абдуллин желіні шулатты (фото)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Фото: Instagram/nurbullin

Отандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин жастық шағын есіне алып, өзінің бұрынғы суретімен бөлісті. Желі қолданушылары өнер иесінің жас кезіндегі фотосын бірден қызу талқылап, өз пікірлерін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин қалың көпшілікке танылмай тұрғанда қандай болғанын Instagram парақшасында көрсетті. Суретте эстрада жұлдызының бейтаныс аруды белінен құшақтап тұрғанын көруге болады.

Оқырмандар әншінің жас кезіндегі образына қатысты қызу пікірталас өткізіп, өз ойларын ортаға салды. Олар өнер иесінің бұрынанн бері кедуесін ашып жүргенін байқап қалған.

"Баяғыдан кеудең ашық екен ғой", "Сізді танымай қалдым", "Өзіңізді сонша қатты жақсы көресіз", "Көкірегі ояу, көзі ашық азамат", "Беті баланың беті болып тұр", "Көйлегіңіз сол уақыттан бері ашық екен", "Сол кезден сәнқой екенсіз ғой", "Қазыр әлдеқайда әдемісіз", "Жастық шақ қайта оралмас. Бақытты кезең ғой", "Түймелеріңіз сол кезде де ағытылыпты ғой", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940273-keudesi-burynnan-asyq-eken-zas-kezindegi-fotosyn-bolisken-abdullin-zelini-sulatty-foto/

pixel