Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуім түсірді": Аяғы ауыр Айсәуле Бақытбек ерекше кадрларды жария етті

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек желіде жаңа суреттерімен бөлісті. Аяғы ауыр ару бұл фотосессиясын өз үйінде жасаған. Оған қоса, фотограф қызметін жолдасы атқарған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында оқырмандарын жаңа фотоларымен қуантты. Продюсердің қызы өз үйінде аса ерекше фотосесся жасаған. Ал әдемі кадрлардың авторы оның күйеуі болған.

Суретте аяғы ауыр блогер өзінің итімен бірге бой көрсетті.

Желі қолданушылары Айсәуленің суреттеріне сүйсіне қарап, оған жылы лебіздерін жеткізді. Олар жақында балалы болатын аруға өз ақ тілектерін жаудырды.

"Сондай әдемі әрі нәзік фотосессия шығыпты", "Күйеуіңіз фотоға тамаша түсіреді екен", "Сондай әдемісіз", "Жүктілік сізге сондай жарасады екен", "Өте ерекше шыққан", "Сондай жылы суреттер. Керемет естеліктер болып қалатыны сөзсіз", "Көздерің әдемі", - деп жазудп оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940320-kuieuim-tusirdi-ayagy-auyr-aisaule-baqytbek-erekse-kadrlardy-zariya-etti/

pixel