RU

Мадина Сәдуақасова танымал әнін бір кеште 7 рет орындап, 21 мың доллар тапқанын айтты

Әнші
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Мадина Сәдуақасова репертуарындағы хит әндерінің бірі "Сүйген жүректі" бір корпоративтік кеште жеті рет орындап шыққан. Осылайша, өнер иесі 21 мың доллар қаламақы алған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Әнші қомақты қаламақыға Нұр-Сұлтан қаласынан бір бөлмелі пәтер сатып алған.

"2006 жылы жаңажылдық корпоративтік кеште бір әнді жеті рет айттым. Айта беріңіз, ақшасын төлейді, деді ұйымдастырушы қыз. Мен айта бердім. Нұр-Сұлтан қаласынан бір бөлмелі пәтер сатып алатындай қаламақы берді", — деді Мадина Сәдуақасова.

Өнер иесі бір күнде 5-6 тойға кіріп шығуға үлгереді екен. Оны Ақтау, Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Тараз қалалары жиі шақыратын болған.

Мадина Сәдуақасованың көмекшісі пандемияға байланысты қазақ эстрадасының танымал өкілі қаламақысын арзандатқанын жасырмады.

"Пандемияға байланысты әншінің қаламақысы төмендеді. Халықтың жағдайына қарауға тырысады. Әншінің қаламақысы қала ішінде 1 миллион теңге. Ал басқа өңірлерге шықса 2 миллион теңге сұрайды", - дейді әртістің көмекшісі Іңкәр.

Сонымен қатар, Мадинаның райдері де қарапайым емес. Тойға ұшып баратын ұшағы тек қана бизнес-класс, ал жататын қонақ үйі 5 жұлдызды болуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940413-madina-saduaqasova-tanymal-anin-bir-keste-7-ret-oryndap-21-myn-dollar-tapqanyn-aitty/