Динара Сәтжан балаларымен бірге Дубайда демалып жүр (фото)

Опубликовано:

Динара Сәтжан ұлы мен қызымен
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан екі баласымен Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Динара Сәтжан кезекті демалысын Дубай қаласында өткізуді жөн көрген. Бұл саяхатқа тележүргізуші қызы мен ұлын алып барған.

"Үшеуміз бірге өткізетін демалыс қатты ұнайды. Тәулік бойы бірге болатын сәттерге не жетсін?! Сөйлесіп, болашаққа деген ойлармен бөлісеміз. Күліп ойнап, ешқайда асықпаймыз.
Демалыстан керемет әсерлерді бірге алған өте маңызды. Бұл сәттерді есте сақтап қалу үшін біз міндетті түрде кәдесыйлар сатып аламыз", - деп жазды Динара Сәтжан Instagram парақшасында.

Айта кетерлігі, ақпарат өкілі аса қымбат Palazzo Versace Dubai атты қонақүйде тоқтаған. Ол өзі таңдаған қонақ үй туралы толығырақ ақпарат беріп өтті.

Белгілі болғандай, бұл ғимараттағы әрбір затты Донателла Версачидің өзі таңдаған.

"Бұл жердегі әрбір зат, тіпті сүлгілердің өзі Донателла Верчасидің рұқсатымен ғана таңдалған. Ішіндегі ыдыс-аяқ, көрпелердің барлығы Италиядан алып келінген. Ал қабырғаларда Донателла мен Джани Версачидің сызбалары бар.
Жеке бассейні бар пентхаус тоғызыншы қабатта орналасқан. Онда Донателланың өзі және бөлме үшін 20 мың доллар төлеуге дайын жандар тоқтайды", - деп жазды тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940479-dinara-satzan-balalarymen-birge-dubaida-demalyp-zur-foto/