Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елге оралған Аша Матай қызының туған күнін қайта атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Аша Матай
Фото: Instagram/asha_matai

Отандық танымал әнші әрі тележүргізуші Аша Матай елге оралған бойда жұлдызды құрбыларын жинап, қызының туған күнін қайта атап өткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аша Матай тұңғышы Асылымның бес жасқа толуын орай, кезекті рет атап өтті. Әнші алдымен қызының туған күнін Біріккен Араб Әмірліктерінде тойласа, енді елге оралған бойда тағы да атап өтуде.

Бұл жолы өнер иесі барша жұлдызды құрбыларын шақырып, олардың балаларының басын қосқан. Аша Матай бүлдіршіндерге арнайы шоу-бағдарлама әзірлеп, аниматорлар жалдаған.

Асылымның туған күні қалай өткенін қонақтардың әлеуметтік желілерінен білуге болады. Шоу-бизнес жұлдызының баласын құттықтап келгендер қатарында Айдай Исаева, Альбина Шардарова, Айжан Бегасыл және тағы да басқа құрбылары бар.

Отбасы мүшелерінен Ашаның қайынәпкесі, жеңгесі Жарқынай Ханайым мен келіні болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940522-elge-oralgan-asa-matai-qyzynyn-tugan-kunin-qaita-atap-otti-foto-video/

pixel