Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлы жазылғалы күле бастады": Көпбалалы Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа образымен елді сүйсінтті

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова оқырмандарын жаңа фотосессиясымен қуантты. Жақында ғана ұлының сауығып шыққанын хабарлаған өнер иесі желіге жаңа сурет топтамасын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында аса ерекше образдағы фотоларын жариялап қойған. Фотограф актрисаның көшеде жүріп келе жатқан суретін түсіріп алған.

Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың жарына тәнті болып, оған өз жылы лебіздерін білдірді. Олардың басым көпшілігі Жұлдыздың өте жас көрінетініне қызыққан.

Оған қоса, кейбірі өнер иесі ұлы жазылған соң, көңілі көтерілгенін байқаған.

"Сізге бәрі жарасады", "Өте жас көрінесіз", "Төрт баланың анасы деп айтпайсың", "Күннен күнге жасарып бара жатқандайсыз", "Не деген сұлулық", "Шапаныңыз жарасып тұр", "Үнемі осылай күліп жүріңіз", "Баласы жазылғалы күле бастады. Әйтпесе, көзі мұңды болып жүр еді", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940581-uly-zazylgaly-kule-bastady-kopbalaly-zuldyz-abdukarimova-zana-obrazymen-eldi-suisintti/

pixel