RU

"Өз адамымды таптым": Ерке Есмахан мен AZ алғаш рет бірге сұхбат беріп, арақатынастары жайлы айтты

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмахан
Видеодан кадр: Instagram/xciii.ix.xxviii

Қазақстандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұптардың бірі Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев алғаш рет бірге сұхбат беріп, қарым-қатынастарына қатысты бар шындықты айтты. Өнер иелері махаббат хикаялары қалай басталғанын баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев өздері жайлы айтылып жатқан қауесеттерге жауап берді. Ел арасында қос өнерпаздың хайп әрі шығармашылықтарын жетілдіру үшін бірге екені жиі айтылуда. Алайда, қос ғашық бұл болжамдарды теріске шығарды. Олар бір-біріне ессіз ғашық екендерін жеткізді.

Әншілер өз арақатынастарында махаббатты әркез бірінші орынға қоятындарын ал тартты. Бұл туралы олар "Қазақстан" телеарнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасында айтты.

"Екеуміздің өмірде қол ұстасып жүруіміздың шығармашылыққа еш кедергісі жоқ. Махаббат бар жерде шығармашылық мүлде жоқ. "Екеуіміздің шығармашылығымыз сәйкес келеді екен, екеуміз енді жүрейік" демейсің ғой. Сол секілді, менің жүрегім Азаматты қалады, оның жүрегі мені қалады. Сондықтан бірге болуды шештік. Ал шығармашылық екінші орында", - деді Ерке.

Ал "91" тобының бұрынғы мүшесі бұған дейін сүйіктісінің әндерін тыңдағанымен, оның жанкүйері болмағанын айтты.

"Еркенің әндерін тыңдамаған қазақ жоқ шығар деп ойлаймын. Естігенмін, тыңдағанмын. Алайда, жанкүйері болдым деп айта алмаймын. Әрине, өнерін бағалаймын. Концерттерде талай көргенмін. Сол кезде Ерке сахнаға шыққанда ерекше эмоция сыйлайтын. Позитив беріп, көңіл-күйім көтеріліп кететін. Сол сәтте "осы қыз менің адамым" екенін түсінген болып тұрмын ғой.
Екеуміз жеке қалып сөйлескен кезде, оны жақынырақ танығанда, шынымен менің адамым екенін ұқтым. Концерттік шараларда асығыс жүріп, жай амандасып өтіп кететінбіз. Ал жеке сөйлескенде өмір жайында көп сөйлестік. Ойымыз бір арнада тоғысты. Мен шынымен өз адамымды таптым", - деп ағынан жарылды Азамат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940683-oz-adamymdy-taptym-erke-esmaxan-men-az-algas-ret-birge-suxbat-berip-araqatynastary-zaily-aitty/