RU

"Маған ұқсап бара жатыр": Азамат Зенкаев Ерке Есмаханның мінезі туралы айтты

Майя Бекбаева жолдасымен, Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев, Мақпал Исабекова күйеуімен
Фото: Instagram/mayabekbayeva

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев алғаш рет бірге сұхбат беріп, барша жанкүйерлерін қуантты. Өнер иелері арақатынастары жайлы жан сырын ақтарып, бір-бірінің мінезіне тоқталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызды жұп "Таңшолпан" бағдарламасында бұрын-соңды еш жерде айтпаған сырларымен бөлісті. Олар бір-бірін мінезін сипаттап, өзара ұқсастықтары жайлы айтып берді.

"Екеуміз бас қосқаннан бастап, желіде маған көптеген сұрақ қойылатын болды. "Қалай ол Еркемен жүр? Ол тұйық, мінезі ауыр, ішкі әлемі басқа" деп жазды халық. Бірақ, маған ешқандай қиындық тудырған жоқ. Азамат екеуміз қалай сөйлесіп бастадық, солай сөйлесіп кеттік. Қиын адам деп айта алмаймын. Азаматтың сезімі болғандықтан, ол маған қиындықтарын көрсеткен жоқ. Мен де негізі қиын адаммын. Мен де оны көрсеткем жоқ. Арамыздан бір ұшқын ұшып өтті. Сол себепті, біз керісінше, сөзімізді түсініп ауызбіршілік табуға тырыстық", - деп ағынан жарылды Ерке.

Ал Зенкаев болса, сүйіктісі уақыт өте келе өзіне қатты ұқсап бара жатқанын аңғарған. Ол болашақта Еркенің рэп жанрында да өнер көрсетуі мүмкін екенін жеткізді.

"Саханадағы Ерке мен өмірдегі Еркені таңдау керек болса, мен өмірдегі Еркені таңдар едім. Ол маған қатты ұқсап бара жатыр. Оның өзі - рэп. Болашақта рэп оқуы да мүмкін. Мен сөз жазған кезде, күшті сөздер айтып жібереді маған. Кейде мен сияқты сөйлеп кетеді, мен сияқты жауап береді. Маған ұқсап бара жатыр", - деді AZ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940701-magan-uqsap-bara-zatyr-azamat-zenkaev-erke-esmaxannyn-minezi-turaly-aitty/