Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарысып шешінді": Мінсіз мүсіндерін паш еткен Жолдыбаевалар елге жақпай қалды (фото)

Опубликовано:

Алтынай мен Кәмшат Жолдыбаевалар
Фото: Instagram/altynaizholdybayeva/kamshat__zholdybayeva

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар өнердегі әріптестерінен қалыспай, шетел асып кетті. Әпкелі-сіңілі бүгінде Тайландта демалып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай мен Кәмшат ыстық мекенде қалай уақыт өткізіп жатқандарын Instagram парақшасында белсенді түрде көрсетуде. Олар оқырмандарын күнде жаңа фото мен видеолармен қуантып жүр.

Үнемі спортпен шұғылданып, дене сымбатына ерекше көңіл бөлетін қос ару демалыста мінсіз мүсіндерін паш етті. Олар желіде ашық образдағы суреттерімен бөліскен.

Алайда, бойжеткендердің бұл қылығы оқырмандардың ашуын тудырды. Көпшілік олардың суреттерін аса ерсі деп санап, аяусыз сынап тастады.

"Апалы-сіңілі жарысып шешінді. Ұят деген қайда қалды?", "Ұят қалмаған сияқты ғой", "Айналайын киініп жүріңдерші. Мына тірліктерің болмайтын нәрсе", "Алтынай екеуің де қайтпайды екенсіңдер. Тән қасиет қалмаса кімдер үйленеді, жастарың болса 40-қа келді, үйленіп бала табу керек, тәніңмен әлемді жаулай алмайсың. Бәрі уақытша", "Сөзім жоқ. Енді несімен таңғалдырады екен?", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940709-zarysyp-sesindi-minsiz-musinderin-pas-etken-zoldybaevalar-elden-onbai-soz-estidi-foto/

pixel