Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еш жерде сатылымда жоқ": Жұлдыз Өмірғали Ерке Есмаханға ерекше сыйлық жасады

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Жұлдыз Өмірғали
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Отандық танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали өнердегі әріптесі Ерке Есмаханға ерекше сыйлық тарту еткен. Оның сөзінше, бұл зат еш жерде сатылымда жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай, Жұлдыз Өмірғали Еркенің қуанышына құр қол бармаған. Ол мерекелік кешке арнайы сыйлықпен келген. Ал аталмыш сыйды Айқынның жары өз қолымен жасаған екен.

Өнер иесі әріптесіне ерекше дизайны бар сағатты тарту еткен. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтып берді. Жұлдыз Ерке Есмаханға жазба арнап, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады.

"Қазақтың ерке қызынан керемет шақыру алған күннен бастап, не сыйласам екен деген ойға кеттім. Ерке ханым өзінің нәзіктігімен, сұлулығымен, талғамының жоғарлығымен ерекшеленетіні рас қой. Сол қасиетіне сай, сыйлығымның да сондай болғанын қаладым.

“Шеберді саусағы асырайды”-дегендей, резин-арт маған осы жолы да көмекке келді. Еш жерде сатылымда жоқ, өзімнің жаңа техникамды пайдаланып сағатты санаулы уақытта жасап шықтым. Бұндай сағат тек Ерке Есмаханда ғана бар. Айналамда осындай талантты да, әдемі адамдардың көп болғаны, мені жаңа белестерге ынталандырады. Біреуіне қарап, бой түзесем, екіншілеріне қарап, ой түзеймін. Расымен, қазақ қыздары жан-жақты ғой. Бойында нәзіктік пен қайсарлықты ұштастыра білген табиғаттың сыйы дер едім. Қазақ жігіттері, сіздердің жолдарыңыз болғыш екен", - деп жазды әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940713-es-zerde-satylymda-zoq-zuldyz-omirgali-erke-esmaxanga-erekse-syilyq-zasagan/

pixel