Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлішер Кәрімов Ресейдің "Голос" шоуына қатысып, әділ қазыларды тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Әлішер Кәрімов
Әлішер Кәрімов. Видеодан кадр: Голос/The Voice Russia/youtube

Танымал қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов ресейлік "Голос" музыкалық шоуына қатысты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрмей тыңдау кезеңінде қазақстандық әнші Шарль Азнавур мен Жорж Гарваренцтің "Вечная любовь" әнін орындады.

Кәрімовтің өнер көрсетуі Александр Градскийге қатты ұнаған. Отандасымызға ең алғашқы болып Градский бұрылып, оны өз командасына шақырды.

Қазылар алқасының өзге мүшелері де Әлішер Кәрімовтің ән шырқауына жоғары баға берген.

"Маған төменгі регистр ұнады. Ғажап!", - деді Леонид Агутин.

Әнші Пелагея да қазақстандықтың өнеріне қайран қалғанын жасырмады.

Еске сала кетсек, бұған дейін ел арасында "Әміре", "Бүркіт" лақап аттарымен танылған Ернар Садырбаев ресейлік "Голос" байқауының келесі кезеңіне жолдама алған еді. "Әміре" Дима Биланның тобына кірген.

Одан бөлек, қазақ эстрадасының көрнекті өкілі Әділхан Макин де ресейлік "Голос" байқауында келесі кезеңге өткен болатын. Ол Александр Градскийдің тобына қосылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940893-aliser-karimov-reseidin-golos-souyna-qatysyp-adil-qazylardy-tanti-etti-video/

pixel