Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова: Желіден ақыл тыңдаймыз деп өз болмысыңызды жоғалтып алмаңыздар

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова бүгінгі психологтардың қолданатын тәсілдеріне қатысты өз ойын ашық айтты. Әнші олардың өзін жоғары бағалау әдісімен келіспейтінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жазира Байырбекоа психолог мамандардың жұмысына қатысты пікірін Instagram парақшасында білдірді.

Ол өзін жоғары бағалаудың орнына батылдықты үйреткен дұрыс деп есептейді. Өнер иесі интернет желісінен ақыл тыңдап, көпшілік өз болмыстарын жоғалтып алуы мүмкін екенін ескертті.

"Көп психологтардың "өзіңді жоғары бағалау керек" дейтіндеріне келісе алмаймын. Әр ауруды әр түрлі дәрімен керек жерін ғана емдейтіндей, әр адамның жан дүниесіне психологтың жеке диагнозы, жеке емі керек қой. Меніңше, "өзін жоғары бағалаудың" орнына "батылдықты" ғана үйренген дұрыс-ау.
"Батылдық" - ақыл мен мейірімділікті қатар алып жүрсе, адамға керек. "Өз бағасын өсіру" кей адамдарды тәкаппарлыққа, өзімшілдікке апармай ма?! Ойлаңыздаршы. Өзін жоғары бағалап, басқаларды өзінен төмен сезіну арқылы бақытты болу дұрыс па?!
Интернеттен ақыл тыңдаймыз деп өздеріңіздің болмыстарыңызды жоғалтып алмаңыздаршы", - деп жазды әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941245-zazira-baiyrbekova-zeliden-aqyl-tyndaimyz-dep-oz-bolmysynyzdy-zogaltyp-almanyzdar/

pixel