Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзіне ота жасатып алған": Жаңа образдағы Зарина Омарованы ел танымай қалды (фото)

Опубликовано:

Зарина Омарова
Фото: Instagram/zarina_omarova_official

Қазақстандық танымал әнші Зарина Омарова желіде жаңа фото және видеосымен бөлісті. Алайда оның бұл суреттері елдің қызу талқысына қалды. Оқырмандар өнер иесінің бойынан өзгеріс байқап, оны көзіне ота жасатып алды деп болжады.

Зарина Омарова желіде пікірталас тудырған суретін Instagram парақшасына жариялап қойған.

Алайда, желі қолданушылары оның бет-әлпетіндегі өзгерісті аңғарған. Олардың сөзінше, әртістің көзінің формасы өзгерген. Көпшілік Омарованың көзіне ота жасатқанын болжады.

Кейбір оқырмандар тіпті, эстрада жұлдызын танымай қалғандарын жазды.

"Өзіңе өзің ұқсамай тұрсын", "Блефаропластика керек емес еді, бұрынғы көзініз әдемі еді", "Өзіңіздің көзіңіз әдемі еді. Мына көзіңіз сізге жас қосып тұрған сияқты", "Зарина көзіңе не жасатқансың?", "Зарина, бұл сіз емессіз. Бұл қыздың күлкісі де, көзі де, тістері де мүлде басқа", "Ерекше әдемі болып тұрсыз, бір өзгеріс бар секілді", "Сізге ұқсамайды", "Мен сіз ба деп қайта-қайта қарап жатырмын. Шынымен танымай қалдым", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941264-kozine-ota-zasatyp-algan-zana-obrazdagy-zarina-omarovany-el-tanymai-qaldy-foto/

pixel