Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол кісімен санаспасам болмайды": Төреғали әкесіне әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі әкесімен
Фото: Instagram/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі желіде әкесіне әсерлі жазба арнады. Өнер иесі бүгінде онымен әр істі ақылдасып отыратынын алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі асқар тауы әкесіне арнаған жазбасымен Instagram парақшасында бөлісті. Онда ол өзі үшін әкенің орны қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

"5 жасымда “әкем бәрінен мықты”деп ойладым. 10 жасымда “әкемдей болсам ”деп армандадым. 15-імде “әкемнің білгенін мен де білсем ғой” дедім. 20-ға толғанда “әкемнің білгенін мен де білемін” дедім. 25-імде “әкем не дей береді, менікі дұрыс қой” дедім. Ал, қазір жасым 29-да әкеммен ойласпасам болмайды екен", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары ұлы мен әкесінің ерекше қарым-қатынасына тәнті болып, оларға өз жылы лебіздерін білдірді.

"Әкесінің ғана емес, елінің мақтанышы болатын перзенті бар бақытты әке ғой! Аман болыңдар", "Әке көрген оқ жанар", "Арманыңа жет", "Әкенің қадірін барында білу керек. Жарайсың", "Дұрыс айтылған сөздер. Келісемін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941276-ol-kisimen-sanaspasam-bolmaidy-toregali-akesine-aserli-zazba-arnady/

pixel