Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарқынай Ханайым жолдасымен не себепті айырылысып кеткенін ашық айтты

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Қазақстандық танымал актриса Жарқынай Ханайым жолдасы Айдар Асқарбекпен айырылысуына не себеп болғанын ашып айтты. Өнер иесі бүгінгі күні бұл тақырып әзірге жабық күйде тұрғанын жеткізді. Оның сөзінше, болашақта не болатыны бір Алланың қолында, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жарқынай Ханайым күйеуімен арада орын алған жанжалға қатысты жан сырын "Ревю" бағдарламасында ақтарды.

"Бұл тақырып қазірше белгісіз. Өздеріңіз-ақ байқайсыздар ғой. Инстаграмнан-ақ көріп отырсыздар ғой. Сондықтан бұл қазірше белгісіз тақырып. Қалай болатыны енді Алланың жоспарында ғой. Қосам десе, екі жылдан кейін де қосып жібереді. Сондықтан қазір енді уақыттың еншісінде. Қазір бүкіл назарымды өнеріме, қызыма, бизнесіме арнап жатырмын", - деп ағынан жарылды әнші.

Оған қоса, Аша Матайдың жеңгесі қызы туралы да айта кетті. Ол болашақта перзентінің шығармашылық адамы болғанын қалайтынын жеткізді.

"Айлана жұлдыз болып туылған қыз. Оның әкесінің әулетінің өзі барлығы жұлдыз жандар. Баян Мақсатқызы, Бағым Мақсатқызы да Айлананың жұлдыз болатынын толықтай сеніп айтады", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Жарқынай Ханайымның әсерлі жазбасы желіні шулатқан болатын. Әнші ару енді жолдасымен бірге емес екендігін жазып, оған қызы үшін рахмет айтқан. Ол осымен өмірінің бір парағы жабылғанын жеткізді.

Алайда, кейіннен өнер иесі бұл жазбасын өшіріп тастады. Желі қолданушылары ерлі-зайыптылар үшін асқан алаңдаушылық білдірді. Олар жас ата-ананың ажырасып кеткенін болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941294-zarqynai-xanaiym-zoldasymen-ne-sebepti-aiyrylysyp-ketkenin-asyq-aitty/

pixel