Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Керемет ана боласың": Желідегілер Айым Сейтметованың аяғы ауыр деп болжауда (фото)

Опубликовано:

Айым Сейтметова
Фото: Instagram/aiymsm

Отандық танымал актриса Айым Сейтметованың жанкүйерлері оның аяғы ауыр екенін желіде жарыса жазуда. Өнер иесі бұл ақпаратты ресми түрде әлі растамаса да, оқырмандар оны құттықтап әлек, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айым Сейтметова Instagram парақшасында досының туған күніндегі суреттерін бөлісіп, елдің қызу талқысына қалды.

Желі қолданушылары актрисаның аяғы ауыр екенін болжап, бірінен соң бірі оны жүктілігімен жарыса құттықтады.

"Айым, сіз үшін қуаныштымыз. Қанша жасыруға тырыссаңыз да, сіздің бетіңіз бен әрекеттеріңізден бәрі байқалады", "Аяғы ауыр", "Құтты болсын. Бұрыннан байқап қойғанмын", "Негізі сезгенмін.", "Бақытты болыңдар. Балаларың көп болсын", "Жүкті екен ғой. Не деген қуаншыты хабар", - деп жазуда көпшілік.

Оған қоса, желіде тарап кеткен бір фото оқырмандардың болжамын одан бетер ушықтыра түсті. Аталмыш суретте Сейтметованың белгілі бір мерекелік шарада жүргені көрініс тапты. Онда блогер арудың іші шығып қалғанын байқауға болады.

Айым Сейтметова
Фото: Instagram/pro.bloggerov

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941303-keremet-ana-bolasyn-zelidegiler-aiym-seitmetovanyn-ayagy-auyr-dep-bolzauda-foto/

pixel