Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғанып қалмасын": Әміренің Ерке Есмаханмен бірге түскен суреті ел талқысына түсті

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Әміре
Фото: Instagram/amre_official

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Әміре өнердегі әріптесі Ерке Есмаханмен түскен суретін жариялаймын деп дауға қалды. Желі қолданушылары қос әртістің фотосын қызу талқыға салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әміре Instagram желісінде Ерке Есмаханмен түскен фотосын жариялады. Суретте ол өнердегі әріптесін құшақтап тұрғанын көруге болады.

Көзі қырағы оқырман жұлдыздардың бұл суретіне пікір таластырып, екеуінің жұп ретінде жарасатынына назар аударған.

Десе де, Еркеге сүйіктісі Азамат Зенкаев қызғанып қалуы мүмкін екенін ескерткендер де табылды.

"Эйзидің қабырғасы", "Азамат қызғанып қалмасын", "Байқаңдар, қызғанып жүрмесін", "Екеуің жұп болсаңдар жарасады екенсіңдер", "Азамат қызғанып қалмасын: "неге құшақтап тұр", - деп", "Азаматқа қарағанда Әміремен жарасады екенсің", "Күшті жұп болар едіңдер", "Мынаны Азамат көрмесін", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941670-qyzganyp-qalmasyn-amirenin-erke-esmaxanmen-birge-tusken-sureti-eldin-talqysyna-qaldy/

pixel