RU

"Сынақ беріп, ұмытпағаныңа шүкір": Қайрат Нұртас басына түскен қиындық туралы айтты

Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың желідегі жазбасы елді алаңдатып қойды. Ол басындағы қиындық туралы сөз қозғаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайрат Нұртас аталмыш жазбасын Instagram парақшасында жариялаған.

"Сынақ беріп, ұмытпағаныңа шүкір, Алла", - деп жазды өнер иесі.

Әртістің бұл сөздеріне ел алаңдап қалды. Желі қолданушылары басынан әлдебір қиын кезеңді өткеріп жатқанына назар аударды, қолдау білдірді.

Оқырмандары оның бұл жазбасы жеке өміріне қатысты деп болжады.

"Алла ешқашан құлын ұмытпайды", "Сынақ тек мықтыларға, оған төзе алатын жандарға беріледі. Мықты болыңыз, Қайрат", "Алла жақсы көретін пендесіне сынақ береді! Сабыр берсін баршамызға", "Отбасыңыз не болып жатыр? Жарыңызбен біргесіздер ме?", "Сынақтан аман-есен өтіңіз. Көп уақытыңызды жанұяңызға арнаңыз", "Халықтың адамысыңдар, ойлану керек", "Қайрат күйзелісте жүрген секілді. Отбасының мәселесі себеп болған шығар", - деп жазуда желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941678-synaq-berip-umytpaganyna-sukir-qairat-nurtastyn-zazbasy-eldi-alandatty/