Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әдемі еді ғой": Мәдина Сәдуақасова жаңа образымен тағы да елді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық шоу-бизнес өкілдерінің ішінде белсенділігімен көзге түсіп жүрген жұлдыздардың бірі - Мәдина Сәдуақасова. Ол кезекті рет әлеуметтік желіде оқырмандарына жаңа образдағы фотосессиясын ұсынып, су жаңа ән жарыққа шығатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәдина Сәдуақасова 80-шы жылдардағы стильде түскен образын Instagram парақшасында көрсетті. Суретте өнер иесінің жасыл түсті қысқа жылтыр көйлекпен отырғанын көруге болады.

Әдеттегідей, оның оқырмандары желіде пікірлерін білдіріп, әншінің жан-жақтылығын сөз етті. Әйтсе де, әншіні сынап тастағандар да табылды.

"Әркез әр түрлісіз. Жарайсыз, үнемі жаңашылдыққа талпынып жүресіз", "Тыңдармандарын үнемі таңғалдырудан шаршамайды", "Мәдина, не деген керемет образ", "Маған түк ұнап тұрған жоқ", "Шашыңызды құрттыңыз. Әдемі еді ғой", "Мына образ ерсілеу секілді. Жасыңызға сай емес-ау", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетерлігі, әнші жақында жаңа әнін жарыққа шығармақ.

"Тағы жаңа ән. Бомба! Әуені 80-ші жылдарға келеді. Сіздерге ұнау керек. Сенем. Әннің аты осы посттың мәтінінде жасырылған", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941683-ademi-edi-goi-madina-saduaqasova-zana-obrazymen-tagy-da-eldi-tangaldyrdy-foto/

pixel