Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тимур Балымбетов ұлымен түскен алғашқы суретін жариялады

Опубликовано:

Тимур Балымбетов ұлымен
Фото: Instagram/balukz

Жақында ғана алғаш рет әке атанған Тимур Балымбетов желіде ұлымен түскен суретін жариялады. Қалың көпшілік әкесі мен баласына сүйсіне қарап, оларға жылы лебізін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тимур Балымбетов перзентімен түскен фотосын Instagram парақшасында бөліскен. Суретте жұлдызды әке баласын қолында ұстап тұр.

"Иса Тимурұлының әкесімен түскен бірінші фото-карточкасы. Ұлыма дұғам: Құдайымыз сені жарылқап, жетелеп, өзі қорғанысың болсын, жолыңды ашсын. Аман бол балам. Ата-анаң әрдайым жаныңда", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары Балымбетовтығ ерекше отбасылық фотосына тәнті болып, оған өз пікірлерін жаудырған.

"Керемет сәт. Ұлыңыз мақтанышыңыз болып жүре берсін", "Сондай әсерлі фото. Балаңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", "Тимур, сізге әке болған сондай жарасады екен", "Бақытты болыңыз. Балаңыздың дені сау, жасы ұзақ болсын", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, бұған дейін Тимур Балымбетовтың алғаш рет әке атанғанын жазған болатынбыз. Бұл қуанышты хабармен продюсердің өзі бөліскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941873-timur-balymbetov-ulymen-tusken-algasqy-suretin-zariyalady/

pixel