RU

Жүктілік кезінде едәуір салмақ қосқанына көңілі толмаған Салтанат Бақаева мұңын шақты

Салтанат Бақаева
Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Салтанат Бақаева жүктілігіне байнысты туындаған қиындықтары туралы айтты. Айы-күні жақындап қалған өнер иесі салмақ қосып жатқанына көңілі толмай жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Бақаева Instagram желісінде оқырмандарына өз мұңын шақты. Эстрада жұлдызы жүктілігіне байланысты қатты тола бастағанына шағымданды.

Алайда, желі қолданушылары бірден өнер иесіне қолдау білдіріп, жылы лебізін танытқан. Нәтижесінде әртістің көңілі орнына түскен. Бұл туралы Бақаева жеке парақшасында айтып берді.

"Әдемі томпиып тұрған суреттерімді жүктеп қояйын. Жүктілігіме байланысты толғанымды ауыр қабылдап жатырмын деп кеше айтқан едім. Есесіне, сіздерден өте көп жылы сөздер естідім. Рахмет сүйікті менің оқырмандарым, сіздердің де өмірлеріңізде жағымды, бақытқа толы сәттер таусылмасын! Адам деген ақымақ, кейде өзін бағаламай кетеді. Сондай сәтте жақсы сөз еңсеңді көтеріп жібереді. Сол себепті мен де өз оқырманыма жылы жылы сөздер жазудан жалықпаймын", - деп жан сырын ақтарды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941939-zuktilik-kezinde-edauir-salmaq-qosqanyna-konili-tolmagan-saltanat-baqaeva-munyn-saqty/