Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Say Mo мен Назима арадағы жанжалды ұмытып, бірге ән жазып шығарды (видео)

Опубликовано:

Say Mo мен Назима
Видеодан кадр: Instagram/13nazima

Қазақстандық танымал әншілер Say Mo мен Назима Жәнібекова бірге ән шығарып, барша жанкүйерін таңғалдырды. Қос ару бұған дейін өзара жанжалдасып қалған болатын. Алайда, уақыт өте келе арадағы өкпе-реніш ұмытылып, бойжеткендер бірге дуэт жазуды жөн көрген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Say Mo мен Назима жаңа әндерін жарыққа шығарғанын әлеуметтік желіде жария еткен.

"Нази екеуміздің әніміз жарыққа шықты. Біз бұл күнді аса асыға күттік. Қатты қобалжыдық. Әніміз көңілдеріңізден шығады деген ойдамын. Қолдау білдіріп өтсеңіздер, риза болар едім", - деп жазды Say Mo.

Қос ару да арадағы түсініспеушілік жойылғанын айтып, бүгінде жақсы қарым-қатынаста екендерін айтты.

Желі қолданушылары мұндай дуэтті күтпегенін жасырмады. Олар қазақ қыздарының әнін тыңдап, өз бағаларын берді.

"Екеуі де от", "Керемет ән. Маған ұнады", "Күтпеген жағдай", "Мұндай дуэтті үш ұйықтасам да күтпеген шығармын", "Рэп ханшайымдары", "Татуласқандарын дұрыс болған", "Бұл күнге де жеттік. Біріккендерің дұрыс болған", "Қазақ қыздары бірігіп, Мәскеуді өртеп жатыр", "Сендерді мақтан тұтамын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941950-atysuly-say-mo-men-nazima-aradagy-zanzaldy-umytyp-birge-an-zazyp-sygardy-video/

pixel