Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалыңдық кейпіне енген Гүлназ Жолановаға ел сүйсінді (фото)

Опубликовано:

Гүлназ Жоланова
Фото: Instagram/zholanova_gulnaz

Қазақстандық танымал актриса Гүлназ Жоланова желіде жаңа суреттерін бөлісті. Суреттен оның ақ көйлек киіп, қалыңдық кейпіне енгенін көруге болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлназ Жоланованың Instagram парақшасындағы жаңа фотолары қызу талқыланды. Желі қолданушылары қалыңдық кейпіндегі Гүлназ Жолановаға тәнті болған.

Ақ көйлек киіп түскен кадрлар өнер иесінің өз тойынан емес, кезекті түсірілім кезінде жасалған. Ол атышулы "Ирина Кайратовна" ұжымы түсірген "Закладка" фильмінде бой көрсетеді.

Қалың көпшілік бойжеткенге шынайы өмірде де тезірек тұрмысқа шығуын тіледі.

"Сізге сондай жарасады", "Әдемі қалыңдық болады екенсіз", "Тезірек тұрмысқа шықсаңызшы", "Қалыңдық образы өте қатты жарасады екен. Шынайы өмірде де осы күн бұйырсын", "Тезірек отбасылы болсаңшы", "Нәзік ару", "Қандай сұлу қалыңдық. Талай жігіттің арманы ғой", "Бұл күн фильмде ғана емес, өмірде де орын алса екен", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942390-qalyndyq-keipine-engen-gulnaz-zolanovaga-el-suisindi-foto/

pixel