Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мінсіз": Шетелде демалып қайтқан Алтынай Жолдыбаева тағы да елді өзіне қаратты (фото)

Опубликовано:

Алтынай Жолдыбаева
Фото: Instagram/altynaizholdybayeva

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Алтынай Жолдыбаева желіде шетелде түскен бірқатар суреттерімен бөлісіп, қалың көпшілікті өзіне қаратты. Оқырмандар өнер иесінің мүсініне тәнті болып, жарыса пікір білдіруде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жолдыбаева аталмыш фотоларын Instagram парақшасында жариялап қойған. Онда киножұлдыздың денесіне жабысып тұрған қара түсті көйлекпен тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары әртістің демалысы қалай өткенін жіті қадағалап, оның бөліскен суреттеріне жарыса пікір қалдырып жатыр.

Бұл жолы оқырмандар аты шулы актрисаның мінсіз мүсініне тамсанып, оған өз жылы лебіздерін білдірген. Көпшілік өнер иесін ертегідегі ханшайымға ұқсатты.

"Не деген дене", "Мінсіз ару", "Нағыз ханшайымның өзі", "Неткен сұлу едің", "Сұлулығыңды сөзбен айтып жеткізе алмаймын", "Сенен көз ала алмай отырмын", "Мүсініңіз ат екен", "Өте тартымды бикеш", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942728-minsiz-musinin-korsetken-altynai-zoldybaeva-erler-qauymyn-esten-tandyrdy-foto/

pixel