Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әке деп атамаймыз деді": Жанель Мақажан жолдасының балаларымен арақатынасы туралы айтты

Опубликовано:

Жанель Мақажан сүйіктісімен
Фото: Instagram/janellemakajan

Жақында ғана екінші мәрте тұрмысқа шыққан актриса Жанель Мақажан отбасылық өміріндегі жағдайлармен бөлісті. Киножұлдыз жолдасының бірінші некеден туған балаларымен арақатынасы қандай екенін жасырмай айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанель Мақажанның айтуынша, балалары бастапқыда ешкімді "әке" деп атамайтындарын кесіп айтқан. Алайда, аналары сүйіктісімен некелескеннен кейін балалары райынан қайтып, оған құрметпен қарайтын болыпты.

"Көбісі менен Абайдың менің балаларыммен қарым-қатынасы жайлы сұрайды. Шындығымды айтайын, балалар маған үнемі "әке деп ешкімді атамаймыз" деп айтатын. Ал Абаймен танысқан кезде олар анасының қасынан осындай жанның табылғанына қуанған болатын. Некелескеннен кейін қызым Абайға келіп, "әке" деді. Кейін Құлмұхаммед де айтты. Бұл сәтте біздің әкеміздің көзі менікі секілді жасаурап кетті. Балалар адамды сезеді. Олар бірінші кездесуден-ақ оны ұнатты", - деп жазды актриса Instagram парақшасында.

Сонымен қатар, киножұлдыз ерекше отбасылық фотосессиямен бөлісті. Онда ерлі-зайыптының балаларымен бақта серуендеп жүргендерін көруге болады.

.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942990-ake-dep-atamaimyz-dedi-zanel-maqazan-zoldasynyn-balalarymen-araqatynasy-turaly-aitty/

pixel