Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіме қатты ұнап жүрмін": Көзіне ота жасатқан Зарина Омарова өзін сынағандарға жауап берді

Опубликовано:

Зарина Омарова
Фото: Instagram/zarina_omarova_official

Жуырда көзіне ота жасатқан әнші Зарина Омарова елдің сынына қалды. Өнер иесінің бет әлпетіндегі өзгеріс көпшіліктің көңілінен шықпай қалған. Алайда эстрада жұлдызы наразы жұртшылыққа жауап беріп, бүгінгі келбетіне көңілі толатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Зарина Омарова бет-әлпетіндегі өзгерісіне өзі аса қатты қуанып жүргенге ұқсайды. Өнер иесі Instagram парақшасында белснділігін арттырып, күн сайын жаңа фотолармен қуантуда.

Алайда, әртістің көзіне блеферопластика жасатқаны желідегілерге жақпай қалған. Олар ашық түрде өз наразылығын білдіріп, әншіге жағымсыз пікірлер жазып жатыр.

Бұл тұрғыда, Омарова оқырмандарының сынына жауап беріп, Instagram парақшасында жазба жариялады. Ол халық қандай пікір айтса да қабылдайтынын жеткізді.

"Қандай пікір жазсаңыздар да, барлығын қабылдаймын. Өзіме қатты ұнап жүрмін. Жақсы көремін сіздерді, сіздермен ғана өсіп, көркейеміз", - деп жазды әртіс.

Айта кетейік, бұған дейін Зарина Омарованың желідегі жаңа фотосы елдің қызу талқысына қалған болатын. Оқырмандар өнер иесінің бойынан өзгеріс байқап, оны көзіне ота жасатып алды деп болжады.

Артынша Омарова көзіне расымен де ота жасатқанын ел алдында мойындаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942993-ozime-qatty-unap-zurmin-kozine-ota-zasatqan-zarina-omarova-ozin-synagandarga-zauap-berdi/

pixel