Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзге қызбен отырмын": Пранк жасап, жұбайын жылатқан отандық гитарист елдің ашуына тиді (видео)

Опубликовано:

Ақсұңқар
Ақсұңқардың достарымен пранк жасау сәті. Кадр: instagram.com/qaz.stars/

Отандық гитарист Ақсұңқар жұбайы Арайлымға пранк жасап елдің ашуына тиді. Ол оған өзге қызбен отырған суретін жіберіп, жылатып қойған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақсұңқардың жұбайына жасаған пранкі Instagram желісіндегі пабликтерде кеңінен тарап кеткен. Ол алдын ала бойжеткендермен келісіп алып, олардың бірімен түскен суретін Арайлымға жіберткен. Оны көрген келіншек бірден жолдасына хабарласып, жылап қалған. Артынша оны сол жерге шақырып, гүлмен қарсы алғанын видеодан көруге болады.

Оқиға жақсы аяқталғанымен, желі қолданушылары олардың бұл әрекетін сынап тастады.

"Жолда бірдеңе боп қалса ше әйеліне? Ойынның да ойыны болады", "Адам ойлану керек қой. Әр нәрсенің шегі болады ғой", "Бір күні бастарыңа тиеді", "Басқа еш нәрсе таппадыңдар ма?", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943159-ozge-qyzben-otyrmyn-prank-zasap-zubaiyn-zylatqan-otandyq-gitarist-eldin-asuyna-tidi-video/

pixel