Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Люстра киіп алған": Мәдина Сәдуақасова елге жаңа образын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова желіде жаңа образын көрсетіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Оқырмандар эстрада жұлдызының ерекше кейпіне түрлі пікірлерін білдірген. Бірі - әртісті қолдаса, енді бірі - сынның астына алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мәдина Сәдуақасова ерекше образға енген видеосымен Instagram парақшасында бөліскен. Онда өнер иесінің кәсіби макияж жасап, өзгеше киім үлгісін киіп алғанын көруге болады.

Жел қолданушылары әншіні мұндай кейпін көріп, таңғалысын жасырмады. Олардың біріне әртістің жаңашылдыққа ұмтылысы ұнаса, енді біріне әрекеті мүлдем жақпай қалған.

"Саған не жоқ? Жастарға берер тәрбиең осы ма?", "Басына люстра киіп алған ба?", "Құтырған қыз болдыңыз ғой", "Несі жаман екен? Жарасып тұр", "Мадина үнемі таңғалдыруға тырысасыз. Шаршамаңыз, жаңа образдармен қуанта беріңіз", "Люстраны жарнамалап жатыр ма?", "Сұлу қыз", "Мадина сізді қатты құрметтеймін, бірақ мына образ келмей тұр сізге", "Видео жақсы шыққан. Үнемі ізденістегі әртістерді неге бағаламаймыз?", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943490-lyustra-kiip-algan-madina-saduaqasova-elge-zana-obrazyn-korsetti-video/