Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сене алар емеспін": Актриса Айым Сейтметова жақында алғаш рет ана атанбақ (фото)

Опубликовано:

Айым Сейтметова
Фото: Instagram/aiymsm

Қазақстандық танымал актриса Айым Сейтметова қалың көпшілікке аяғы ауыр екенін жария етті. Өнер иесі жақында алғаш рет ана атанбақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айым Сейтметова бұл қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөліскен. Ол әсерлі жазба жариялап, өзінің жүктлігіне қатысты ел болжамын растады.

"Көпшілік үшін жаңалық та емес шығар. Иә, біз жақында ата-ана атанамыз. Ары қарай жасырудың қажеті жоқ. Мен әлі де сене алар емеспін. Аналар контенті қош келдің", - деп жазды актриса.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырған.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Айым Сейтметованың аяғы ауыр екені жайлы ақпарат тарап кеткен болатын. Алайда, өнер иесі ол кезде бұл жаңалықты растамай, үнсіздікте болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943632-sene-alar-emespin-aktrisa-aiym-seitmetova-zaqynda-algas-ret-ana-atanbaq-foto/

pixel