Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызына қуаныш сыйлаған Төреғали Төреәліге ел сүйсінді (видео)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі қызымен
Видеодан кадр: Instagram/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлі желіде қызымен түскен видеосын жариялап, елді тәнті етті. Өнер иесі перзентіне берген уәдесін орындап, оны қатты қуантқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында қызымен қалай уақыт өткізгенін көрсетті. Шоу-бизнес жұлдызы баласына берген уәдесінде тұрып, ойын-сауық орталығына бірге барған.

"Алматыға келдік. Кеше Таразда болғанда қызым Тоғжанға уәде беріп едім. "Таң атпастан екеуміз бірге жүреміз" дедім. Уәдемді толықтай орындай алмадым. Бірақ, қазір ойнап жатыр екен. Соны бір қуантып қайтсам деп отырмын. Көңілін көтеріп қайтамыз. Балаларды осылай жеке-жеке шығарып ойнатып тұру керек", - деді әнші.

Өнер иесі жариялаған видеодан оның қызының қасында ойнап жүргенін көруге болады. Оған қоса, бейнежазбада әртістің жары Толқын Тұрарбекқызы да бой көрсетті.

Желі қолданушылары қызымен уақыт өткізген жұлдызды жұпқа сүйсіне қарап, оларға өз жылы лебіздерін білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943688-qyzyn-quantqan-toregali-torealige-el-suisindi-video/

pixel